Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 16 жастан асқан 10-11 сынып оқушылары мен студенттері үшін

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 16 жастан асқан 10-11 сынып оқушылары мен студенттері үшін

2023 жылдың 30 мамырында Халықты жұмыспен қамту орталығында 16 жастан асқан 10-11 сынып оқушыларына, студенттерге және қала жастарына арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты - жазғы демалыс кезеңінде жастарды жұмыспен қамту. Жәрмеңкеге қаланың 8 жұмыс берушісі қатысты. Жәрмеңке барысында "Пайдалы жаз", "Жасыл ел" жобаларына және қоғамдық жұмыстарға қатысу шарттары түсіндірілді.

Аталған іс-шарамен 50-ден астам адам қамтылды, оның ішінде:

- "Пайдалы жаз" - 21 адам;

- "Жасыл ел" - 17 адам;

- "Бірінші жұмыс орны" - 6 адам жобаларға қатысуға ниет білдірді.

Сондай-ақ, жәрмеңке қатысушыларына ақпараттық материалдар (буклеттер, жәрмеңкелер, бос жұмыс орындары туралы ақпарат) ұсынылды.

Осы жобаларға қатысуға ниет білдірген азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз : Уәлиханов көшесі, 5-үй, каб.№13. Анықтама телефоны 6-50-70.