Жастарға арналған микрокредит

Жастарға арналған микрокредит

26.05.2023ж. Халықты жұмыспен қамту орталығымен қала жас кәсіпкерлері және жастарымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі, бас несие менеджері Мейіржан Мейрамұлы Тосқанбаевтың қатысуымен ZOOM-конференция өткізілді.

Конференцияның тақырыбы: Жастарға арналған микрокредит.

Конференцияға 37 адам қатысты. Қатысушылармен  кредиттің шарттары, кепілмен қамтамасыз ету, құжаттар тізімі, бизнес-жобаның критерийлері туралы сұрақтар қойылды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі барлық сұрақтарға жауап берді.

Қосымша ақпарат алу үшін қызығушылық танытқан жас кәсіпкерлер Жұмыспен қамту орталығына: Уалиханова көшесі, 5 үй № 13 кабинетке жүгінуіңізді сұраймыз. Анықтама телефоны: 65070.