Әлеуметтік жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша тұрақты жұмыс орындарынан бөлек құрады.
Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдарға жалақыға берілетін субсидиялардың ай сайынғы мөлшері белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - ын құрайды, бірақ 20 (жиырма) АЕК-тен аспайды.