Егде жастаағы адамдарға мәлімет үшін

Егде жастаағы адамдарға мәлімет үшін

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ардагерлер ұйымы" РҚБ жанындағы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылы егде жастағы адамдарға келесідей қызмет түрлерін тегін көрсететін "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығының жұмысы жандандырылғандығын хабарлайды:
- қызығушылықтары бойынша үйірмелер түрінде бос уақыт іс-шараларын өткізу;
- шығармашылық және музыкалық кездесулер;
- спорттық тренажерлардағы және спорттық іс-шаралардағы сабақтар;
- шахмат-дойбы турнирлері;
- қарт адамдарға құқықтық, медициналық және әлеуметтік мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.
Орталықтың жұмысы Балқаш қаласының Құрметті азаматы Александр Иванович Архиповке құрмет көрсетуден басталды. Мерейтой иесінің 75 жылдығымен қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т.Жұманов қала басшылығы мен ардагерлер атынан естелік мекен-жайы мен сыйлығын табыстауымен құттықтады.