Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға тағайындалады, яғни өңір  бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (1-тоқсан 2023ж. – 30171 теңге).              

           Өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын  тағайындалады.                                                                                                           

            АӘК мөлшері отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған).

Атаулы әлеуметтік көмек:

1)  Табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

2) Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады;

3) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға);

4) Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

        

         Бір жастан бастап алты жасты қоса алғанда, әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде (5175 теңге) ай сайынғы қосымша төлем төленеді.               

        

         Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

              1) Жұмыспен қамту орталығы;

              2) кент әкімі;

              3)www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.