Әлеуметтік жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы
2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:
1) балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) зейнеталды жастағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) қандастар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін үміткер:
1) жеке басты куәландыратын құжатты;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
3) білімі туралы құжатты (бар болса) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш береді.
Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуұзақтығы12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) АЕК аспайды.
Толық ақпаратты Уалиханов көшесі 5 үй, 13 кабинет немесе 6-50-70 телефон номері бойынша алуға болады.