«Көркейе бер, Қазақстан!»

«Көркейе бер, Қазақстан!»

Ағымдағы жылдың 21 қазан айында Қазақстан Республикасы күні аясында үйде қызмет алушы мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар жандарға  «Көркейе бер, Қазақстан!» атты сурет және сәнді-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге бағытталған.            Суреттер мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде қатысушылар өздерінің арнайы жасаған жұмыстарын ұсынып, дайындаған өлең, тақпақтарын оқып,  «Жұмбақты тап» атты викториналық ойынына қуана қатысты.

Көрменің соңында балалар суреттер мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде белсенді қатысқандары үшін тәтті сыйлықтар мен алғыс хатпен марапатталды.