Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өткізілуі туралы ақпарат

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өткізілуі туралы ақпарат

2022 жылдың 11 қазанында Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде білім беру, коммуналдық қызметтер, құрылыс, өндіріс, медицина және т.б. саладағы 400-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынған 9 қаланың жұмыс берушілері қатысты. Аталған іс-шараға 70-ке жуық жұмыссыз азамат қатысты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық азаматтар 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бойынша ақпараттық-түсініктеме берілді, оның ішінде:
-тұрақты жұмысқа жіберілді – 7 адам,
-қоғамдық жұмысқа жіберілді – 1 адам,
-жастар практикасына жіберілді – 1 адам.
Сонымен қатар, қатысушылардың назарына ақпараттық материалдар (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпарат) ұсынылды.