Мүмкіндігі шектеулі балалармен өткен «Алтын күз» мерекесі

Мүмкіндігі  шектеулі балалармен өткен «Алтын күз»  мерекесі

05.10.2022 ж. "Baby park"-те 18 мүгедектігі бар балаға (12 жасқа дейінгі) ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, тәттілер берілді. (ЖК Оралбекова Ақбота).

06.10.2022 ж. "Өнер мектебі" КМҚК акт залында 65 мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдар үшін "Берекелі алтын күз!" атты мерекелік шарасы өткізілді.

 Мерекеге қатысушылар жұмбақтар шешіп, күз туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады. Мүмкіндігі шектеулі балалардан құралған "Айгөлек" би ұжымы "Күз" биін орындады, ал әлеуметтік қызметкерлер балаларға музыкалық нөмірлер дайындады.

Балалар қызықты әсерлер мен жағымды эмоциялар, сондай-ақ тәтті сыйлықтар алды.

07.10.2022 ж. "Анечка" (К.Тәжібеков) және "Стамбул Донер"                  (А.Арымбекова) кафелерінде мүмкіндігі шектеулі 30 балаға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, балалар "Pinokkio" (Т.Муликов) ойын кешеніне барып, жабдықталған модульдерде жылжымалы ойындарға қатысты.

Балаларға, мерекеге арнайы демеушілік көрсеткені үшін
«Ак тілек» дүкеніне (Г.Шаймерденова),  «Волна» дүкеніне (Б.Қаленов),  «Алтын Арба» дүкеніне, «Балхаш нан» ЖШС және «Пульс» ЖШС ( Н.Ляховская, З.Балпыкова ), «Олжа» дүкеніне   (Б.Ошақбаев), «Strid Fut» кафесіне (Д.Несіпбек), «Қоржын» дүкеніне (Ж.Амамбаева), ЖК О.Руденкоға,  ЖК  Аушакировтарға, ЖК М. Алтынбековке, ЖК А.Оралбековаға, ЖК Т.Муликовке, ЖК А.Арымбековаға,ЖК  К.Тәжібековке  алғыс білдіреміз.