«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»  мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік        қызмет       Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы  16 сәуірдегі  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан  Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған, Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға көрсетіледі.

          Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша),оның ішінде қатты отынды тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.

          Сонымен бірге, отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:

  • көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін, үйдің ауданының әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы ауданы);
  • электр плитасымен жабдықталған үйлерде, отбасының электр қуатын тұтыну 250 киловаттан артық болмауы тиіс;
  • коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, эксплуатациялық қызметтер, қоқыс шығару)  басқару нысанына байланыссыз қызметтерді жеткізушілермен бекіткен тарифтердің негізінде немесе есептеу құралдарының  көрсеткіші бойынша белгіленеді;
  • телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін, абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді;

- 1 шаршы метр алаңды жылытуға қатты отынды тұтыну нормасы:

  • 1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -161 кг;
  • 1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -125 кг.

 Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының (әлеуметтік норма бойынша) төлеу сомасы мен отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Қолданыстағы Ережеде, шекті жол берілетін шығыстар үлесі, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 6 пайыз мөлшерде белгіленген.

  Көмек тоқсан сайын тағайындалады (барлық қажетті құжаттармен өтініш  берілген  айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін).

 

 

Есептеу мысалдары:

  1. Жалпы көлемі 60,0 ш.м. үш бөлмелі пәтерде (мемлекеттік тұрғын үй қорынан) тұратын көп балалы отбасы (6 адам). Отбасының айлық жиынтық табысының мөлшері (3 тоқсанда) 250976 теңгені құрайды  (еңбек ақы – 200000 теңге, кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы - 50976 теңге).

1)  Шекті жол берілетін шығыстар сомасы  - 15059 тг. (250976тг * 6%)

  • Коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары - 31171тг:
  • электрэнергиясы (250квcағ) – 250квт*17,75=4438тг;
  • жылу жүйесі –85,36*60 адам = 5122тг;
  • ыстық су – 547,23*6 адам= 3283тг;
  • суық су – 645,60*6 адам= 3874тг;
  • кәріз – 313,80*6 адам= 1883тг;
  • эксплуатациялық қызметтер - 60,0кв.м *50,00=3000тг;
  • қоқыс шығару - 155,41*6 адам= 932тг;
  • тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем - 8000 тг;
  • телефон үшін абоненттік төлем - 639тг.

           Тұрғын үй көмегі:       16112тг = (31171тг – 15059тг)

 

  1. Пешпен жылытатын тұрғын үй (S=60,0ш.м.).

Отбасының жиынтық табысының мөлшері 250976 тенге (еңбек ақы – 200000 теңге, кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы - 50976 теңге). Нақты тіркелген және тұрып жатқан  6 адам.

1) Шекті жол берілетін шығыстар сомасы  - 15059тг. (250976тг * 6%)

2) Коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары - 34775тг:

  • 1985 жылға дейінгі салынған тұрғынжайға қатты отын сомасы (2022 жылға көмір бағасы-18000 теңге) - 24840тг
  • суық су– 645,60 тг*6 адам=3874тг
  • электрэнергиясы – 250квт.*17,75тг = 4438тг
  • қоқыс шығару – 163,93тг*6 адам=984тг
  • телефон үшін абоненттік төлем – 639тг

Тұрғын үй көмегі:     19716 тг = 34775тг – 15059тг

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

          1)«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

          2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.