1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Балқаш  қаласында  халықаралық қарттар күні қарсаңында «алтын жастағы» 4 мыңнан астам зейнеткер қалалық бюджет есебінен біржолғы материалдық төлем алды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 46,3 млн. теңге жұмсалды.

Балқаштық кәсіпорындардың, мекемелердің, шағын және орта бизнес нысандарының ұжымдары құрметті демалысқа шыққан өз ардагерлеріне лайықты құрмет пен қамқорлық көрсетті.

Балқаш қаласының әкімі Қайрат Қамзин мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтолеу Жұманов қаланың қарт тұрғындары 99 жастағы тыл еңбеккері Қүлғаным Кәрімбаеваны, денсаулық сақтау ардагері Лидия Андреевна Власованы және қаланың құрдасы Мария Васильевна Тянды құттықтады.