Еңбек күні

Еңбек күні

Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні кеңінен атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Қайрат Қамзин және Балқаш қалалық мәслихат хатшысы Ахат Муслымов "Еңбек жолы" республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысушы қала тұрғындарын құттықтады.

Олардың арасында «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясының жеңімпазы, "Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының шихтасын дайындау цехының кешенді механикаландырылған бригадасының бригадирі Ерғазы Тұрлыбеков  бар. "Білім беру саласындағы үздік тәлімгер" номинациясында әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жанар Айнабекова, "Үздік жас маман" номинациясында балалар өнер мектебінің хореография пәнінің оқытушысы Мейрамкүл Бекбенбет көзге түсті. "Үздік еңбек әулеті" номинациясында жалпы еңбек өтілі бір ғасырдан асқан Адамбаевтар отбасы атап өтілді.

Балқаштықтарды жұмыспен қамтуға белсенді қатысқаны үшін жұмыс берушілер - "Балқаш қаласының орталық ауруханасы" КМК, "Tranco Express" ЖШС Балқаш қаласындағы филиалы, ЖК "Кенжебекова А.К." және "Еңбек" бағдарламасы аясында өз ісін табысты дамытқан грант алушылар Назира Бизакова, Ботакөз Мананбаева, Арайлым Мусаева марапатталды.

Қаланың кәсіпорындары "Kazakhmys Smelting" ЖШС ", «Балқаштүстімет» ӨБ, "Tranco Express" ЖШС Балқаш қаласындағы филиалында жұмыс берушілермен өндірістің 52 озатына құрмет көрсетілді. Еңбекте ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген                               10 қызметкерге "Еңбек ардагері" медалі берілді.

Барлық білім беру мекемелерінде білім беру қызметкерлерін марапаттау рәсімі, еңбекті қорғау бойынша сынып сағаттары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрнекі шеберлік сыныптары өткізілді.

Қаланың кітапханалары мен клубтарында тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды.