ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Балқаш қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Инватакси» ұсыну қызметі жұмыс жасайды. Медициналық көрсетілімдер бойынша  инватакси қызметін 1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар пайдалана алады. Қызметті алу үшін Балқаш қаласы Әбуғалиев  көшесі,19 мекенжайындағы «Балқаш қалалық  мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 026/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

Өтінімді  күн сайын диспетчерлік қызмет 8(71036)41961, 87084620115

телефондары бойынша қабылдайды.

Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:

1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;

3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

4) сот, прокуратура;

5) әлеуметтік сала объектілері;

6) заң консультациялары;

7) нотариус;

8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);

9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автобекет;

10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.