«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі туралы

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы  қолдау туралы»  Заңына,  Балқаш  қалалық  мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар  балаларды  жеке  оқыту  жоспары   бойынша  үйде   оқытуға   жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет  қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне  және  мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі және 2022 жылға әр балаға тоқсан сайын бес айлық есептік көрсеткіш немесе жалпы сомасы 15900 теңге мөлшерінде белгіленді.

Шығындарды өтеу, өтініш білдірген айдан бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі және қаржыландырудың  түсуіне  байланысты  өткен айға жүргізіледі. 

Шығындарды  өтеуді  тоқтатуға  әкеп  соққан  жағдайлар бар болғанда  (мүгедек  баланың  он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың  қайтыс болуы, мүгедектікті  алып  тастау, мүгедек  баланың  интернат-үйі  немесе  санаторлық  мектепте  оқып  жатқан кезеңінде), төлемдер  сәйкес  жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2)  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3) психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтама;

5) банкте шоттың болуы туралы құжат;

6) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

        

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

 

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ