«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс зауыты шихта дайындау цехының шикізатты дайындау учаскесінің бульдозер машинисі, балқаштық Ерғазы Тұрлыбеков "Еңбек жолы" аймақтық байқауының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері деп танылды.

Өндірісшінің еңбек өтілі 43 жылды құрайды. Өзінің еңбек жолын Ерғазы №37 кәсіптік-техникалық училищесін бітіргеннен кейін Балқаш тау-кен металлургия комбинаты темір жол цехының тиеу-түсіру учаскесінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастады.
Жылдар өте келе, Ерғазының тәжірибесі де, еңбек дағдылары да, шеберлігі де өсіп, техникаларды өз бетімен басқара бастады. 2000-шы жылдардың басында цех басшылары Ерғазы Тұрлыбековке кешенді механикаландырған бригаданың басшылығын сеніп тапсырды.
2007 жылы кәсібіне адалдығы үшін Е.Тұрлыбеков «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Өндірісшінің көп жылғы мінсіз еңбегі II және III дәрежелі "Еңбек даңқы" белгілерімен айшықталды.
Ерғазы Тұрлыбеков көптеген жоғары білікті механизаторларды өсіріп дайындады. Олардың арасынан инженер-техник мамандары да шықты. Мысалы, Қасенхан Қилыбаев қызмет сатысымен экскаватор машинисінің көмекшісінен учаске бастығына дейін өсті.
Тұрақсыз тоқсаныншы жылдары цехқа Андрей Шаповалов пен Ғалымжан Қашқынбековтер келді. Сондай-ақ, солармен бірге Е.Тұрлыбековтың шеберлік мектебінен өткен Асылбек Хаджибаев, Жаңабай Калматов, Қанағат Жанаманов, Аман Төлеутай және басқалар еңбек етуде. Екі жыл бұрын бұл еңбеккерлердің қатарына Нұрбол Ақжанов пен Ерболат Ағыбаев қосылды.
Ерғазы Тұрлыбеков секілді еңбеккерлер мемлекеттің мызғымас өзегі ретінде жаңа Қазақстанның гүлденуінің кепілі болады.