Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру бойынша жиналыс

Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру бойынша жиналыс

2022 жылдың 19 шілдесінде Балқаш қаласы әкімдігінің ғимаратында Ұлттық жобалар шеңберінде Электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс орындарын құру мәселесі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қала әкімінің міндетін атқарушы А. Қарамурзиннің төрағалығымен жиналыс өткізілді.
«5 қадам «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері», «Ұлттық рухани жаңғыру» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобалары аясында 2021 жылдан бастап Балқаш қаласында 94 жұмыс орнын құрумен 10 жоба жүзеге асырылуда.
Жиналыс барысында мердігер ұйымдарға Электрондық еңбек биржасында жобалар мен бос жұмыс орындарын толтыруды қамтамасыз ету және жұмыссыз азаматтар үшін жұмыс орындарын құру тапсырылды.