«Еңбек жолы» республикалық конкурсына өтініштер қабылдау басталды

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына өтініштер қабылдау басталды

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.      

Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Министрлік жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. «Еңбек жолы» конкурсының мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс 3 номинацияны қамтиды:

-  «Үздік еңбек әулеті»,

- «Өндірістің үздік жас маманы»,

- «Жұмыс істейтін жастардың үздік  тәлімгері».

 Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2022 жылдың 1  мамырынан 10 маусымына дейін жүргізіледі.                                                                                                             

 Барлық сұрақтар бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не №3 кабинетке арқылы хабарласуға болады. Байланыс тел. 8 (71036) 46068.