Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың алдын- алу мәселесі аса өзекті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбекті қорғау туралы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау өте маңызды, өйткені азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың денсаулығы мен өмірін қорғау осыған байланысты.

Қауіпсіз еңбек жағдайлары тек экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық шаралармен ғана емес, сонымен қатар құқықтық әдістермен де қамтамасыз етіледі, атап айтқанда: қажетті кепілдіктерді заңнамалық түрде белгілеу, қауіпсіздік және өндірістік санитария шараларын орындаудағы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар әкімшіліктерінің қызметіне бақылау жасау.

"ҚР Еңбек кодексінде" еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және оның нормативтік талаптары, жұмыс берушінің қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері көрсетілген.