Орта оқу орындарының студенттері үшін түсіндіру жұмыстары

Орта оқу орындарының студенттері үшін түсіндіру жұмыстары

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде Білім және бос орындар жәрмеңкесі өтті. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында студенттерге "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты"жобаларына қатысу шарттары түсіндірілді. Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға толық кеңес берді. Іс-шараға 50 адам тартылды.