Кедергісіз қарым-қатынас

Кедергісіз қарым-қатынас

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға Балқаш қаласы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мейірім Орынбаев, "Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы" ҚБ төрағасы Клара Жақыпбаева, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің мамандары қатысты.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде жүгінген азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер, кеңестер берілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша.Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар оңалту, тұрғын үй көмегін тағайындау, жұмысқа орналастыру мәселелеріне қызығушылық танытты. Ашық есік күндері тұрақты түрде өткізіледі.