2021 жылдың 11 айының «Еңбек» мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру қорытындысы туралы

2021 жылдың 11 айының «Еңбек» мемлекеттік Бағдарламасын  іске асыру қорытындысы туралы

Статистикалық деректер бойынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қала бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды.

 

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларын көрсету үшін «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 231,3 млн. теңге бағытталған.

 

2146 адам Бағдарламаның қатысушысы болды.

 

Бірінші бағыт шеңберінде: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мен қамтамасыз ету» жұмыссыздар қатарынан 11 адам одан әрі жұмысқа орналастырылумен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға («электрогазбендәнекерлеуші», «сылақшы»  мамандықтары бойынша)  тартылды.

        2021 жылдың қыркүйегінен бастап 9 сыныптың 38 түлегі тегін кәсіптік оқытуға (стипендия төлемімен) жіберілді («шаштаразшы» және «аспазшы» мамандықтары бойынша). Оқыту мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды.

 

66 адам «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағытының қатысушысы болды.

 Балқаш қаласының және Саяқ, Гүлшат кенттерінің 5 кәсіпкері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) арқылы жалпы сомасы 25,0 млн.теңге микрокредит алу жолымен өздерінің кәсіптерін аша алды.

    

Сонымен қатар, 21 бастауыш жас кәсіпкерге, 7 көп балалы анаға, 9 мүгедегі бар адамға және 24 жұмыссыз азаматқа 61 қайтарымсыз мемлекеттік грант беру үшін                35,0 млн. теңге  бағытталды.

 

Үшінші бағытты іске асыруға «Халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында  159,9 млн. теңге бағытталды және 1907  азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетілді:

  • 20 жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды немесе жылдық жоспардың 133%-ы;
  • ЖОО мен ООО-ның 49 түлегі жастар практикасы арқылы алғашқы еңбек өтілімін игере алды немесе жылдық жоспардың 140%-ы;
  • 423 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылды немесе жылдық жоспардың 160%-ы.
  • 1406 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
  • «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында ЖОО мен ООО-ның 8 түлегі тұрақты жұмысқа орналастырылды.
  • «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 1 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылы аяқталады. Толығымен,  Бағдарламаның іске асырылу жылдары ішінде жұмыспен қамтудың шараларына қаламыздың 27,5 мың азаматтары тартылды, жұмыссыздық деңгейін 5,8%-дан 4,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.