Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

2021 жылдың 10 қарашасында Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтардың, алимент борышкерлерін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жұмыс берушілермен тікелей байланысын орнату мақсатында Хамзин атындағы  мәдениет сарайы ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңке есігі потенциалды жұмыс берушілерден ақпарат алуға және жұмысқа орналасуға ниет білдірген барлық балқаштықтар үшін ашық болды.

Жәрмеңке барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес беріп, қайта даярлау, жаңа мамандық алу мүмкіндіктері туралы, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық адам қатысып, халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін әзірленген ақпараттық материалдар мен буклеттер таратылды.

Өткізілген іс-шара нәтижесінде, 4 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды, 20 адам жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қала кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алды.