Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

 «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар мен  18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар жандарға арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 6 қазан айында «Сәлем, біз таланттарды іздейміз!» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Балалар би, вокал және сәндік-қолданбалы өнер конкурстарына қатысты.

Ағымдағы жылдың 7 қазан айында Балқаш қаласы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Балалар үшін мұражайдың көрме залдарында әртүрлі экспозициялармен танымдық экскурсия өтті.

Ағымдағы жылдың 8 қазан айында мүгедектігі бар балалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және мүгедектер күніне арналған «Жан Шуағы» XII қалалық онлайн-фестиваліне «Менің хоббиім» сәндік-қолданбалы өнері, көркем сөз сөйлеу және вокалды жанрларда қатысты. Барлық қатысушылар грамота мен сыйлықтармен марапатталды.  Ал, Қоңырат шағын ауданында тұратын қызмет алушыларға «Алтын күз» тақырыбында ашық сабақ өтіп, азық-түлік қоржыны таратылды.