«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі: жасы он сегiзден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге, психоневрологиялық патологиясы бар немесе тiрек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға, жалғыз тұратын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетiледi.

            Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

            1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

            2)  «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ-не,  Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:

            1) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;

            2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

            3) нысан бойынша медициналық карта;

            Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі;
2) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

             Анықтамалар және  түсіндірмелерді  «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен, мекен-жайы:Уалиханов к-сі  5, № 8 кабинет,  77962  телефоны бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін алуға болады. Түскі үзіліс 13:00-14:30.