«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»  мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік        қызмет       Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы  16 сәуірдегі  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешімінің негізінде, Қазақстан  Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған, Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға көрсетіледі.

         Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша),оның ішінде қатты отынды тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.

         Сонымен бірге, отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:

     - көп бөлмелі пәтерлерде  жалғыз тұратын азаматтар үшін, үйдің      ауданының әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы ауданы);

         -  электр плитасымен жабдықталған үйлерде, отбасының электр қуатын тұтыну 250 киловаттан артық болмауы тиіс;

         -   коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, эксплуатациялық қызметтер, қоқыс шығару)  басқару нысанына байланыссыз қызметтерді жеткізушілермен бекіткен тарифтердің негізінде немесе есептеу құралдарының  көрсеткіші бойынша белгіленеді;

         - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін, абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді;

- 1 шаршы метр алаңды жылытуға қатты отынды тұтыну нормасы:

  • 1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -161 кг;
  • 1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -125 кг.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының (әлеуметтік норма бойынша) төлеу сомасы мен отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 6 пайыз мөлшерде белгіленген.

Тұрғын үй көмегі барлық  қажетті  құжаттармен  өтініш  берілген    айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.

        

          

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

          1)  «Азаматтарға         арналған   үкімет»      Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес    акционерлік        қоғамы;
          2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

         1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

         2)  аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар;

         3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

         4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

         5)  балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

         6)  банктік шоты;

         7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

         8)  коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

         9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

         10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақының тағайындалуы туралы хабарлама.