«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Ағымдағы жылдың 15 шілде айында үйде қызмет алушы балаларға таза ауада «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты ойын түрінде танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділіктерін арттыру,  жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында балалар әртүрлі ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті.