«Өнерлі бала көрікті»

«Өнерлі бала көрікті»

Ағымдағы жылдың 29 шілде айында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары арасында «Өнерлі бала көрікті» дарындылар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: әр баланың бойында қабілеттері мен таланттарын ашу, балалардың өзіне деген сенімін арттыру.

Байқауға мүмкіндігі шектеулі 15 бала қатысты. Қатысушылар әлеуметтік қызметкерлермен бірге өздерінің ерекше шығармашылық қойылымдарын ұзақ уақыт дайындап, қойылымға өте жауапкершілікпен қарады.

Балалар өздерінің вокалдық, би, музыкалық және поэтикалық қойылымдарын ұсынды. Қатысушылардың әр қойылымы дүркіреген қол шапалақпен сүйемелденді.

Біздің байқауда жеңілгендер болған жоқ, өйткені барлық қатысушылар өз өнерімен ерекшеленеді, әр баланың өз қабілеттері бар, ең бастысы оларды тамашалау және оларды ашуға тырысу.

 «Өнерлі бала көрікті»  дарындылар сайысының әділқазылар алқасы әр қатысушыға мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтар табыстады.