"Халық" қайырымдылық қорымен азық-түлік жиынтығының ұсынылуы.

"Халық" қайырымдылық қорымен азық-түлік жиынтығының ұсынылуы.

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы аясында, «Халық» қайырымдылық  қорымен  Балқаш қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 35 азық-түлік жиынтығы ұсынылды.

2021 жылғы 12 шілдеде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандары және қаланың еріктілері бірлесіп алушыларға жиынтықтарды жеткізуді ұйымдастырды.

Акциямен 11 көпбалалы отбасы, 23 толық емес отбасы және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған 1 отбасы қамтылды.