Қарағанды облысында COVID-19 ауруының алдын алуға арналған дәрі қобдишалары таратыла бастады

Қарағанды облысында COVID-19 ауруының алдын алуға арналған дәрі қобдишалары таратыла бастады

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысында аз қамтылған отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек алушыларға медициналық дәрі қобдишаларының жиынтығын тегін тарату басталды.

 

Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометр, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

 

Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады. Қарағанды облысында барлығы 2607 дәрі-дәрмек қобдишасы таратылады.

 

Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

 

Жалпы Қазақстан бойынша мұндай дәрі қобдишаларын 145 мың отбасы алады. Жоба Азия даму банкінің гранты есебінен қаржыландырылды, сатып алуды БҰҰ Даму Бағдарламасы іске асырды.