Астана – достық пен бақыт мекені

Астана – достық пен бақыт мекені

Ағымдағы жылдың 3 шілде айында Астана күнін мерекелеу аясында «БЛКЖО 30 жылдығы» орталық саябағында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушыларына «Астана – достық пен бақыт мекені»  атты  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  арасында спорт  түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Қаланың орталық саябағында эстафеталық маршруттар белгіленіп, ең ұтқырлар екі командаға бөлініп, жылдамдық пен ептілік бойынша жарысқа түсті. Бағдарламада секіртпемен секіру, қатысушылар кенгуру бейнесін бейнелеп бір аяқпен секіру, футбол ойнау сияқты жарыстар болды.

Барлық команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, күштерін, жылдамдықтарын көрсетті. Ең бастысы, көтеріңкі көңіл-күй мен көптеген жағымды эмоциялар алды.