Өтініш негізінде «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» «Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметтері туралы

Өтініш негізінде «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» «Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметтері туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығына» сәйкес көрсетіледі. 

Мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен құжаттарды рәсімдеу құқығына нотариаттың куәландыруын талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшесі;

2) Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) арқылы береді.

Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтініш талап етілмейді. «

Өтінішті қабылдау кезінде жауапты қызметкерлер:

1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

Еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер өтініш берген жағдайда қосымша мынадай:

1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

2) кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтер сұратылады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке қағаз жеткізгіштегі тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

Ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден , 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы: Балқаш қ., Бөкейханов к-сі,  20а, телефон: 8(71036) 68349, 68347,68398.

көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы:  Балқаш қ., Уалиханова к-сі, 5  каб.№6  телефон 8(71036) 42325.

 

   «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу»

«Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» проактивті мемлекеттік қызметтерін көрсету

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын ОЖБ «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін ОЖБ-ның деректері автоматты түрде «Е-Собес» Мүгедектің немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ұялы байланысының абоненттік құрылғысына жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-Собес» ААЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен СМС-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.

Көрсетілетін қызметті алушы СМС-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

Проактивті қызмет арқылы құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

 Көрсетілетін қызметті алушыдан сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, сұрау салу жойылады және көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына құжаттарды рәсімдеудің мүмкін еместігі және жұмыспен қамту бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына проактивті қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда «Е-Собес» ААЖ-ға құжаттарды рәсімдеу мүмкін еместігі және жұмыспен қамту бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы СМС-хабар жіберіледі.

Белсенді қызмет алуға келісім алған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері «Е-Собес» ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды рәсімдеу, қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына СМС-хабарлама арқылы хабарлайды.

Проактивті қызмет арқылы ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу автоматты түрде «Е-Собес» ААЖ-да жүзеге асырылады.