Әлеуметтік төлемдер

Әлеуметтік төлемдер

Халықтың осал топтарының әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін, оларды әлеуметтік қолдау шараларымен уақытылы және толық қамту бойынша шаралар қабылдануда.

         Ағымдағы жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 52 отбасыға (224 адам) тағайындалып,  жалпы сомасы 10,7 млн.теңге төленді (оның ішінде 16 көп балалы отбасы,103 адам). 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіш АӘК алатын 15 отбасына төмендеді (2020ж.5 айы-67 отбасы 310 адам, оның ішінде көп балалы 24 отбасы 162 адам).

Кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар (азық-түлік жиынтығы және гигиеналық құралдар) 38 аз қамтылған отбасының 1-6 жас аралығындағы                      53 баласына жалпы сомасы 1,5 млн.теңгеге берілді.

Атаулы әлеуметтік көмек төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру бойынша берешек жоқ.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау, халықты жұмыспен қамту орталығы және кенттер әкімдіктері арқылы құжаттарды қабылдаудың баламасы ретінде қосымша «электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

Масылдықты жою мақсатында, АӘК еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтарға, олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуы шартымен беріледі. Жұмыспен қамту шараларымен 10 аз қамтылған азамат қамтылды (1 адам - тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды, 8 адам - қоғамдық жұмыстарға, 1 адам - әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді).

         Жалпы, 2021 жылдың басынан бері әлеуметтік көмектің әр түрлерімен жалпы сомасы 14,5 млн.теңгеге 270 отбасы қамтылды. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек түрінде – 52 отбасы (10,7 млн. теңге), үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 24 отбасы (0,5 млн. теңге), тұрғын үй көмегімен 123 отбасы (1,3 млн. теңге) қамтылды, әлеуметтік төлемдерді қиын жағдайға тап болған 71 азамат алды (2,0 млн.теңге).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.