«Біз бала боламыз - мәңгілік елдің ұрпағы»

«Біз бала боламыз -  мәңгілік елдің ұрпағы»

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелер олардың өміріндегі тағы бір бақыт ұшқыны.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мереке 1 маусымда жалғасын тапты. Ерекше қажеттіліктері бар 50 бала «Aлем Cинема» кинотеатрында «Кролик  Питер 2» мультфильмін тамашалап, тәттілер таратылды.             (ЖК «Аймағанбетов М.Б.»);

«Анечка» дәмханасында мүмкіндігі шектеулі 12 балаға мерекелік түскі ас ұйымдастырылды (ЖК «Тәжібеков Қ.А.»).

Балқаш қалалық «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігі 30 мүмкіндігі шектеулі балаға «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.