Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» конкурсын өткізу туралы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» конкурсын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» конкурсын өткізу белгіленді.

Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

 Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Балқаш қаласының барлық жұмыс берушілерін белсенді түрде қосылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» конкурсына келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырамыз:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады);

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында  еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);

3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).

 4)  «Экологияға қосқан үлесi үшiн» (бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» конкурсын өткізу ережесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында жарияланған (www.enbek.gov.kz или www.paryz. enbek.gov.kz). 

 Өтінімдер ағымдағы жылдың  1 шілдесіне дейін қабылданады, мекенжай: Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5 үй, №3 кабинет «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Электрондық мекенжайы: blh_ozs@mail.ru.

Анықтама телефоны: 4-60-68.