Хабарландыру

Хабарландыру

2021 жылдың 1 наурызынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілуде.

АӘК отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы бойынша тағайындалады (Қарағанды облысы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына кедейлік шегі 22621 теңге).

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында АӘК тағайындау үшін өтініш беру ЭҮП арқылы жүзеге асырылады. Егерде, Сізде мемлекеттік қызмет түрлерін ЭҮП арқылы алу үшін үйде компьютерлік оргтехника, интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса, онда, Уалиханов көшесі,5 үй, 1-қабатта орналасқан «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар екенін хабарлаймыз.