«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі туралы

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.