Мемлекеттік мекемелер басшыларының және кала кәсіпкерлерінің назарына!

Мемлекеттік мекемелер басшыларының және кала кәсіпкерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

Жоғарыда көрсетілген заңнамалар нормасын сақтау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар Жоспарының этаптарын бекітті. Бүгінде  Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар Жоспары жүзеге асырылуда.  

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменты» РММ (әрі қарай-Департамент) мамандары тексеріс субъектілеріне барып профилактикалық бақылау және жоспардан  тыс тексерістер өткізеді (Қазақстан Республикасы занамаларының талаптарын бұзу фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштері  бойынша және т.б.). 

Департамент жүргізген профилактикалық бақылаулардың нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі заң бұзушылықтар анықталуда.

Көп жағдайда, ғимаратты пандуспен және кіре берісті тактилді құралдармен жабдықтап, оны қолжетімді есептейді. Ал, қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сай емес пандусты мүгедектігі бар адамдардың қолдана алмауы (еңістің тік бұрышы, тайғақ жабын, тұтқалардың жоқтығы), қызмет көрсететін кабинеттерге жете алмауы (есіктер ендігінің тарлығы, табалдырықтың биіктігі, гардероб, кассалар, регистратура, анықтамалықтар бағандарының биіктігі),  немесе санитарлық-тұрмыстық орындарға жете алмауы назарға алынбауда. Мүгедектігі бар адамдар үшін тактилді және визуалды құралдар ескеріле бермейді.

Объектінің барлық функционалды аймақтары (кіреберіс тобы, қозғалу жолдары және қызмет көрсету аймақтары) қолжетімділік, әрі ақпарат пен телекоммуникацияның арнайы құралдары болған жағдайда, нысан мүгедектігі бар адамдар үшін толығымен қолжетімді болып саналады.

Осыған орай, Сіздерден мүгедектігі бар адамдарға  кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қарастыруларыңызды өтінеміз.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу түріндегі мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Кодексі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 83 бабына сәйкес жауапкершілік нормасы көрсетілген, лауазымды тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілерге - бір жүз жиырма, орта  кәсіпкерлік субъектілерге - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілерге - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, бейімделетін объектілердің сапасына назар аудару қажет, себебі мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін сәулеттік ортаны құру - қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттандыру, қолайлылық өлшемдері бойынша жүзеге асырылады.