«Мен Отаныммен мақтанамын» мәнерлеп өлең оқу онлайн байқауы

«Мен Отаныммен мақтанамын» мәнерлеп өлең оқу онлайн байқауы

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында үйде қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Мен Отаныммен мақтанамын»  мәнерлеп   өлең   оқу онлайн байқауы өткізілді.

Байқауда қатысушылар өлеңдерін мәнерлеп, эмоционалды түрде оқыды. Балалар өз өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншіліктері туралы әңгімеледі. Өлең оқу арасында балалар жұмбақтар шешіп, сурет салумен айналысты.