Атаулы әлеуметтік көмек туралы

Атаулы әлеуметтік көмек туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК)  отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалыларға тағайындалады, яғни өңір  бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (Қарағанды облысы бойынша). Сонымен қатар, жұмыспен қамту, өз бизнесіңді ұйымдастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамтудың басқа түрлері арқылы отбасының табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік бейімделу.

 

        Өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын тағайындалады.

      Мысалға, егерде отбасы АӘК 2021 жылдың 25 ақпанда өтініш берсе, онда оған АӘК ақпан және наурыз айларына ғана тағайындалады.

 

          АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған).

          Яғни, егер отбасы АӘК-ке 2021 жылдың 1-тоқсанында (қаңтарда, ақпанда немесе наурызда) жүгінсе, онда отбасының жиынтық табысын есептеу үшін 2020 жылдың 4-тоқсанында алынған табыс ескеріледі.

          Мысалда көп балалы отбасы (6 адам):

           Отбасының жиынтық табысының мөлшері айына 109532 теңгені құрайды (2020 ж. 4 тоқсан: еңбекақы - 195000 теңге, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы – 133596 теңге);

         Жан басына шаққандағы орташа табыс:18255 тг=(109532 тг/6 адам);

         2021 жылдың 1 тоқсанына кедейлік шегі – 22621 теңге;

         АӘК мөлшері: бір адамға 4366тг = (22621тг-18255тг),

         отбасына 26196тг = (4366тг*6).

        

          Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:

          1) Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады;

         2) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) ;

          3) Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

        

         Бұдан басқа, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады:

         1) егер отбасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар болған жағдайда, АӘК тағайындау кезінде оларға ай сайын -азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын - гигиеналық құралдар беріледі;

         2) егер отбасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар болса, АӘК тағайындау кезінде тиісті оқу жылы кезеңінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (ыстық тамақ, қалалық көлікте жол жүру және жылына бір рет мектеп формасы мен керек-жарақтары (кеңсе тауарлары)).    

        

        

         Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін "Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-не демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, Уәлиханов көшесі, 5, №13 кабинет мекенжайына немесе 8(71036)65070,44061 телефондары арқылы хабарласуға болады.