Әлеуметтік қызметтер Порталымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Әлеуметтік қызметтер Порталымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
  1. Әлеуметтік қызметтер Порталына мына сілтеме бойынша кіріңіз aleumet.egov.kz.
  2. Басты парақшада «ЭЦҚ» таңдаңыз батырмасын басыңыз (ЭЦҚ файлын таңдау терезесі ашылады).
  3. Авторландыру үшін ЭЦҚ таңдаңыз, парольді енгізіңіз.
  4. «Ашу» және «Қол қою» батырмасын басыңыз.
  5. Сіздің деректеріңізді көрсете отырып, жеке кабинетіңіз ашылады.
  6. Бірінші «Жалпы мекенжай туралы ақпарат» қойындысында қалам белгішесін басыңыз (қажет болған жағдайда осы мәліметті өзгеру үшін).
  7. Міндетті түрде электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
  8. Сізге қажет техникалық оңалту құралдарын көру үшін Экранның сол жағындағы «Сізге көмек» қойындысына өтіңіз.
  9. Оңалту құралдарына тапсырыс беру үшін «Оңалтудың техникалық құралдары» (бұдан әрі-ОТҚ).
  10. Әрі қарай жеке оңалту бағдарламасы бойынша Сізге тиесілі ОТҚ бар бет ашылады.
  11. Сізге тағайындалған барлық оңалту құралдарын көре аласыз.
  12. Сіз таңдағыңыз келетін техникалық оңалту құралдарын «Өнімді таңдау» түймесін басыңыз.
  13. Өнім берушілердің тауарларының  терезесі ашылады.
  14. Сізге ұнайтын өнімді таңдап, оның атауын басыңыз.
  15. Ақпаратпен танысыңыз және егер Сіз осы өнімді ұнатсаңыз «Тапсырыс беру» түймесін басыңыз. 
  16. Өнімге тапсырыс беру терезесінде жеткізуші мекенжайы бойынша «Өзіңіз алып кету» сияқты қалаған жеткізу әдісін таңдаңыз.
  17. Мекенжайды таңдаңыз, қажет болған жағдайда «Үстеме төлем» әдісін таңдаңыз (төлем тауарды алған кезде жасалады).
  18. Өнім санын таңдап, «Жасау» түймесін басыңыз.
  19. Қол қою үшін ЭЦҚ таңдаңыз, парольді енгізіңіз.
  20. «Ашу» және «Қол қою» батырмасын басыңыз.
  21. Тапсырысты растау үшін «Растау батырмасын басыңыз».
  22. Өтеуге өтініш ашылады («Танысыңыз» және «Қол қою» батырмасын басыңыз).
  23. Қол қою үшін ЭЦҚ таңдаңыз, парольді енгізіңіз.
  24. «Ашу» және «Қол қою» батырмасын басыңыз.
  25. Тапсырысыңыздың терезесі ағымдағы тапсырыс туралы ескертулермен ашылады.
  26. Өнім беруші тауардың бар екенін растамайынша,Сіз тапсырыс беруден  бас тарта  аласыз.
  27. Өнім беруші тапсырысты растағаннан кейін,Сіз «өнім бар,қорғалған»күйіне ауысасыз».
  28. Егер Сіз өнім берушінің  мекен-жайы бойынша  өздігінен алып кетуді таңдасаңыз,онда «тапсырыс мәртебесі қоймадан алып кетуге болады».
  29. Әрі қарай,Сіз  тауарды көрсетілген  мекен-жай бойынша  ала  аласыз (мекенжайды көру  үшін «тапсырыс нөмірі»түймесін  басыңыз).
  30. Курьерлік жеткізуді таңдаған жағдайда, «жеткізу» Сіз  көрсеткен  мекенжайға  тегін  жеткізіледі.
  31. Әлеуметтік қызметтер Порталы жұмысының барлық мәселелері бойынша Сіз КОЛЛ-ОРТАЛЫҚҚА 1411 телефоны бойынша хабарласа  аласыз.