«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №55/415 шешіміне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, жалғыз тұрғынжайға  меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.

 

Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша),оның ішінде қатты отынды тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.

Сонымен бірге, отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:

  • көп бөлмелі пәтерлерде    жалғыз    тұратын    азаматтар    үшін,   үйдің
  • ауданының әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы ауданы);
  • электр плитасымен жабдықталған үйлерде, отбасының электр қуатын тұтыну 250 киловаттан артық болмауы тиіс;
  • коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, эксплуатациялық қызметтер, қоқыс шығару)басқару нысанына байланыссыз қызметтерді жеткізушілермен бекіткен тарифтердің негізінде немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша белгіленеді;
  • телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін, абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді;
  • 1 шаршы метр алаңды жылытуға қатты отынды тұтыну нормасы:

    -1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -161 кг;

    -1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін -125 кг;

    Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының (әлеуметтік норма бойынша) төлеу сомасы мен отбасының  шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.   Қолданыстағы Ережеде, шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына  8 пайыз мөлшерде белгіленген.

    Көмек тоқсан сайын тағайындалады (өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін).

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.