
Ағымдағы жылдың 10–11 қыркүйек күндері Білім бөлімінің №24 мектеп-интернат» КММ және Қоңырат шағын ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиынға білім саласының мамандарымен қатар құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, Отбасын қолдау орталығы, қалалық Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманымен атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және 90 күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар азаматтарға заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қолжетімді ақпараттар берілді.