«Менің отбасым – менің байлығым»

«Менің отбасым – менің байлығым»

10 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасында Отбасы күніне орай «Менің отбасым – менің байлығым» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған мазмұнды әрі қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар ән айтып, өлең оқыды, викторинада бақ сынасты, тақырыптық пазлдар құрастырды, отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске түсірді. Сонымен қатар балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Сөздерді шешуге арналған байқауға балалармен бірге олардың ата-аналары да белсене қатысты. Бірлескен ойындар мен қызықты тапсырмалар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық жылулық пен бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.

Мерекелік іс-шара барлық қонақтарға жарқын эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.