Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары

Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Күн шуақ» балабақшасы» КМҚК аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша ата-аналармен кездесу өткізілді.

         Іс-шара барысында Балқаш қаласының «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілдері атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің бірыңғай тәсілдері туралы ақпарат берді.

         Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.