«Астана – болашақтың қаласы»

«Астана – болашақтың қаласы»

Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында елорданың әсемдігі, тарихы мен жарқын болашағына арналған қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өткізілді. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялын және шеберліктерін танытып, әртүрлі техникада жасалған ерекше жұмыстарын ұсынды.

Сонымен қатар, танымдық ойындар, «Астана туралы не білеміз?» атты викторина, елорданың тарихы, мемлекеттік рәміздері және көрікті жерлері туралы сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз білімдерін көрсетіп, мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар белсенділігі мен шығармашылық жұмыстары үшін Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Мерекелік іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.