
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры Ш.Б.Касымова арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар баратын әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап шықты.
Аралау барысында оңалту, түзету-дамыту, спорттық-сауықтыру және әлеуметтік-көлік қызметтерін көрсететін нысандар, оның ішінде иппотерапия орталығы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, бассейн, «Инватакси» қызметі, түзету және оңалту орталықтары, сондай-ақ арнайы мектеп-интернат қамтылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша нысандардың қолжетімділігі мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына бағалау жүргізілді.