
2026 жылғы 15 маусымда М.Хамзин атындағы Металлургтер сарайында Отбасын қолдау орталығының Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының өкілдері, Мансап орталығының, Жастар ресурстық орталығының мамандары, сондай-ақ Отбасы банкінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, психологтар, заңгерлер, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар қатысты.
Ашық есік күні аясында бөлім мамандарымен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша ақпараттар беріліп, ақпараттық брошюралар таратылды.
Сонымен қатар, 90 күннен астам мерзімі өткен несие берешегі бар азаматтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» және «Қайта бастау» жобалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.