
Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жастар» саябағында «Балалар қаласы – болашақ мекені» атты қалалық мерекелік іс-шара өтуде.
Мерекелік бағдарлама аясында мүгедектігі бар балалар үшін аттракциондарда тегін серуендеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған балалар көркем және мультипликациялық фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама қала шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік күннің жарқын қорытындысына айналады.