
Ағымдағы жылдың 29-мамырында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары қала зейнеткерлерімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірыңғай тәсілдерді қолдану мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында ардагердерден келіп түскен барлық сұраққа тиісті түсіндірмелер берілді.