
Балқаш қаласы бойынша «Қайта бастау» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – несие берешегі 90 күннен асқан азаматтарға әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету, оларды жұмыспен қамту арқылы қаржылық жағдайын тұрақтандыру.
Егер сіздің несие берешегіңіз 90 күннен асқан болса және қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз, «Қайта бастау» жобасына қатысуға шақырамыз. Жоба аясында жұмыспен қамту, заңгерлік кеңес, қарызды қайта құрылымдау бойынша көмек көрсетіледі.
Толық ақпарат алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе Мансап орталығына Уәлиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша №7,13 кабинеттерге немесе 8(71036)44061 телефоны арқылы хабарласуға болады.